Өскеменде дүкендердің бірінің жанынан әйелдің мәйіті табылды

06.06.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Өскемен қаласында сауда үйінің маңынан әйел адамның мәйіті табылды.

Қайғылы оқиға 4 маусымда болған.

Облыстық полиция мәліметінше, жедел жәрдем бригадасынан белгісіз әйелдің мәйіті туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына қалалық полиция бөлімінің тергеу тобы жіберілді.

"Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", дейді полициядағылар.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

Әйелдің нақты көз жұму себебі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью