Өскеменде экологиялық талаптарды сақтамаған кәсіпорынға 20 млн теңге айыппұл салынды

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

ШҚО Экология департаментінің мамандары Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде «Казцинк» ЖШС металлургиялық кешенінің Өскемен металлургиялық алаңына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

— Соның барысында ауаға тарайтын шығарындылар көздеріне тиісті өлшемдер жасалып, белгіленген нормативтердің артқаны анықталды. Атап айтқанда, күкірт диоксиді бойынша нормадан — 3,5 есе, көміртек оксиді бойынша — 2 есе, азот оксиді бойынша — 1,5 есе артқан, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Анықталған деректер шаң-газ ұстау жабдықтарының толық көлемде тиімді жұмыс істемейтінін және газдарды жобалық деңгейде тазартуды қамтамасыз етпейтінін көрсетті. 

— Сонымен қатар қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде эмиссияларды төмендету талаптарының сақталмауы экологиялық рұқсат шарттарының бұзылуына әкелгені белгілі болды. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға 20 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, — делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін экологиялық талапты ескермеген Павлодар электролиз зауытына айыппұл салынғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью