Өскеменде электр желілеріндегі апат салдары жойылып, үйлерге жылу берілді

26.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Электр қуаты бүгін түнде сағат 03:20-да ажыратылған. Соның салдарынан Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы №2 қазандықтың, Ахмер кентіндегі №5 қазандықтың, Меновное кентіндегі №6 және №7 қазандықтардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Бұдан бөлек, «Этнопарк» тірек сорғы станциясының, «Сәтбаев» сорғы станциясының және Металлург кентіндегі №1, №2 және №3 орталық жылу пункттерінің жабдықтары электр қуатынсыз қалды. 

– Электрмен жабдықтаудың апатты түрде өшуі жылу желілерінің гидравликалық режимінің уақытша бұзылуына әкелді. Электр энергиясы қалпына келтірілгеннен кейін, таңғы сағат 10:00-ге қарай барлық қазандық іске қосылып, жүйе параметрлері нормативтік деңгейге жеткізілді, - деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді, үйлер жылумен штаттық режимде қамтылған. Гидравликалық режимді қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Еске салсақ, осыған дейін Қызылордада жылу маусымында 55 өрт тіркелгені хабарланған. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью