Өскеменде Газель көлігінен бір тоннаға жуық спирт табылды

13.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында қала көшелерінің бірінде «Газель» маркалы автокөлігі тоқтатылған. Көліктің жүк салғышын тексеру кезінде полицейлер бірнеше ыдысқа құйылған, құрамында спирт болуы мүмкін сұйықтықты тапты

Тәркіленген жүктің жалпы көлемі шамамен 1000 литр болды.

- Қазіргі уақытта өнімнің шығу тегі мен оны тасымалдаудың заңдылығы анықталады. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінен.

Еске салсақ, осыған дейін полиция тараздықтарға мас күйде көлік айдаудың қаупін виртуалды әлемде көрсеткені жайлы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью