Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қыс басталғалы қала көшелерінен шығарылған қардың жалпы көлемі 80 мың текше метрден асып отыр. Бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседей көп.
Былтыр қала тұрғындары көшелерге тұздың себілуіне қарсылық білдірген болатын. Олардың айтуынша, тұз қолданылатын қоспа көлік дөңгелектері мен аяқ киімді бүлдіреді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, биыл техникалық тұзды қолданудан бас тартылған.
- «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері грейдерлермен жолдарды қар мен мұздан тазартады. Көктайғаққа қарсы материал ретінде тұзды пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Бүгінде 100% құм қолданылады. Жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер өткелдерін, жеке көшелерді, кіреберіс жолдарды, автобус аялдамаларына дейінгі жолдарды және басқа да аумақтарды тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін БҚО-да көктайғақтан жарақат алғандар саны 860-тан асқаны хабарланған.