Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: Бейнежазбадан скрин
Бейнекадрларда автокөлік жүргізушісінің қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені байқалады. Сондай ақ ол арнайы қызмет көліктеріне арналған жарықшамдарды заңсыз пайдаланған.
Патрульдік полиция мәліметінше, жүргізушіге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
«Аталған факті бойынша бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар рәсімделіп, сотқа жолданды. Сот шешімі шыққанға дейін көлік арнайы айып тұрағына қойылды», делінген полиция хабарламасында.
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында кортеж ұйымдастырмақ болған 5 көлік жүргізушісі жауапқа тартылған еді.