Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Өскеменде полиция жол қозғалысы ережелерін бұзған үйлену кортежін тоқтатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жарияланған видеодан көліктердің біріндегі жолаушылардың қозғалыс кезінде терезеден шығып алғанын көруге болады. Бұдан бөлек, жүргізушілердің бірі қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған. Көліктердің бірінің артқы терезесіне "Братва жениха" деген жазу жабыстырылған.
"Анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бес адам ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі бойынша, тағы бір жүргізуші осы баптың 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ІІМ.
Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды. Ведомство мерекелік көңіл-күй жолдағы қауіпсіздік талаптарын елемеуге себеп болмауы тиіс екенін атап өтті.
Абай облысында той кортежінің жүргізушілері жазаланды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу