Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан XI халықаралық турнир өтті. Шығыстың бас шаһарында дүркіреп өткен дүбірлі додаға әлемнің 10-нан астам елінен 150 спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеңіл атлеттер қысқа, орта және ұзақ қашықтықтарға жүгіру, кедергілер арқылы жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру сияқты спорттың бірнеше түрінен сайысқа түсті. Кәсіби спортшылармен қатар зияткерлік даму ерекшеліктері бар қатысушылар да жарыс жолына шыығып, алғаш рет инклюзивті форматтағы сайыстар ұйымдастырылды.
Даңқты жеңіл атлет, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бұл жарысты жас таланттардың жарқырап шығуына жол ашатын мүмкіндік деп атады.
«Өскеменде осындай дүбірлі бәсеке өтіп жатқанына қуаныштымын. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін. Жарысты өткізуге демеушілік еткен «Казцинк» компаниясына, облыс, қала әкімдіктеріне, дене шынықтыру және спорт басқармасына және бапкерлерге алғыс айтамын», деді Ольга Рыпакова.
Айта кетейік, халықаралық турнирде ел құрамасы сапында Шығыс Қазақстан облысының саңлақтары да өнер көрсетті.
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Түркия елдерінің, сондай-ақ Африка құрлығының саңлақтары болды. Ольга Рыпакованың даңқын шығарған спорт түрі – ұзындыққа үш қарғып секіруде ұлттық құрама өкілі Мария Ефремова алтын медаль иеленіп, бұл бәсекеде отандық атлеттер ешкімге дес бермейтінін кезекті рет дәлелдеді. Сол сияқты сырықпен секіруде Иван Товченик топ жарса, ерлер арасындағы 60 метрге жүгіруде Алмат Төлебаев үздік нәтиже көрсетті.
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Аделина Земс күміс жүлдегер атанды. Ал дәл осы қашықтықта ерлер арасында отандасымыз Эльнор Мухитдинов чемпион болды. Сол сияқты Александра Залюбовская (800 м) мен Игорь Хрунин (800 м) алтын медаль иеленсе, 3000 метрде Дарья Миллер мен Бейбарыс Ізғали үздік нәтиже көрсетті. Кедергілер арқылы 60 метрге жүгіруде Юлия Башманова мен Давид Ефремов жеңімпаз атанды. Ал 4×200 аралас эстафетада Қазақстанның KAZ2 құрамасы топ жарды.
Өскемен
Соңғы жаңалықтар
«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды
Футбол • Бүгін, 14:35
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Орал қаласында жаңа мешіт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:34
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Университет • Бүгін, 12:09
Шайдоров әлемдік БАҚ назарында
Олимпиада • Бүгін, 12:06
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Саясат • Бүгін, 11:56