Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Арызданушының айтуынша, бала аулада ойнап жүріп, дем арасында көзден таса болған. Өз бетінше іздеу нәтижесіз болған соң, ол полицияға жүгінген.
Хабар түскен бойда полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын шұғыл бастады. Сақшылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала үйінен шамамен 1,5 шақырым жерден табылды. Бала ешқандай зардап шекпеген және медициналық көмекті қажет етпеді.
Барлық жағдай анықталғаннан кейін бала аман-есен туыстарына қайтарылды. Әжесі тәртіп сақшыларының кәсібилігі, жеделдігі мен көрсеткен жанашырлықтары үшін шынайы алғысын білдірді.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.