Өскеменде полиция баласын бақпаған әкені жаяу қалдырды

02.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласында баласына алимент төлемей жүрген ер адамның жол талғамайтын көлігін полиция уақытша алып қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейд кезінде алимент төлеуден жалтарып жүрген 42 жастағы қала тұрғыны анықталды. Оның бала алдындағы жалпы берешегі шамамен 2,5 миллион теңгені құрайды. Бұған дейін алиментті өндіріп алуға қатысты сот шешімі шыққан. Бірақ ер адам оны елемей жүрген. Оған қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдануға тура келді.

Полиция борышкерді көшеде ұстап, көлігін мамандандырылған тұраққа апарып қойды. Көлік алимент бойынша берешек толық өтелгенге дейін сол жерде болады.

Айта кетері, жыл басынан бері облыста сот актілерін орындаудан жалтарған 45 борышкер анықталса, олардың 28-і – алимент бойынша берешегі барлар. Олардың әрқайсысына қатысты қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью