Өскеменде полиция қызметкерін өлтіріп кетті

06.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АЛМАТЫ, 6 қазан — Sputnik. Өскеменде полиция қызметкері кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 4 қазанға қараған түні дәмханалардың бірінде болған.

"Дәмханаға келгендердің бірі тәртіпке шақырған 40 жастағы жергілікті тұрғынға дене жарақатын салған. Ол алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаза тапқан азамат полиция қызметкері болған. Полицияның мәліметінше, оқиға кезінде ол қызметте болмаған.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью