Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазіргі уақытта көпір аумағында арнайы техника жұмылдырылып, мамандар тіреуіштер мен аралық құрылымдарды кезең-кезеңімен бөлшектей бастады. Жұмыстар көпірді толық реконструкциялауға дайындық аясында жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, Шнайдер көпірінің бір бөлігі 2025 жылдың 1 қыркүйегінде опырылып түскен. Абырой болғанда, сол сәтте өткелде ешкім болмағандықтан, зардап шеккендер болған жоқ.
Бастапқыда өңір билігі құлаған бөлікті қалпына келтіріп, екі ай ішінде жөндеуді жоспарлаған еді. Алайда кейін бұл шешімнен бас тартылды. Мамандар қолданыстағы құрылымды қайта жаңғырту тиімсіз деген қорытындыға келген.
Қазіргі уақытта ескі көпірді толық бұзып, оның орнына жаңасын салуды қарастыратын реконструкция жобасының сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
– Жобалау жұмыстарын келісімшарт аясында «Қазақ ПромТрансПроект» ЖШС жүзеге асырады. Ол жұмыстар аяқталғаннан кейін алдағы құрылыс көлемі мен оны жүзеге асыру мерзімдері нақтыланады, – деп хабарлады Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін басқарма басшысы қызметінен кеткенін жаздық.