Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бұл «Азия Авто — Бипэк Авто» тобына қатысты іс аясында тәркіленген ірі өнеркәсіптік нысан. Қазіргі таңда нысанды облыс әкімдігінің меншігіне беру рәсімі аяқталуға жақын.
- Аяқталмаған зауыттың тәркіленген мүлкі заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінен облыс әкімдігінің балансына беріледі, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Осылайша, өңір билігі ұзақ уақыт бойы тағдыры белгісіз болып келген ең ірі аяқталмаған индустриялық жобалардың бірін өз қарауына алмақ. Бұған дейін бұл өндірістік алаң электронды сауда порталына қойылғанымен, оның бағасы нөл теңге деп көрсетілген еді.
— Облыс бұл аумақты кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңір экономикасын ілгерілету мақсатында пайдалануға мүдделі, — делінген ақпаратта.
Құжаттарға сәйкес, зауыт аумағында 37 мыңнан астам мүлік сақталған. Олардың қатарында өндірістік жабдықтар мен қосалқы материалдар бар. Алдын ала бағалау бойынша олардың жалпы құны шамамен 124 млн теңгені құрайды.
Еске салсақ, осыған дейін «Бипэк Авто» компаниялар тобынан мемлекетке 11,6 млрд теңгенің мүлкі тәркіленгені хабарланған.