Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Белгілі болғандай, бүгін таңертең «Пионер» су жинағышында және Мызы ауданындағы сорғы станциясында электр энергиясы ажыратылған. Соның салдарынан қаланың бірқатар бөлігінде ауызсу беру апатты түрде тоқтатылды. Барлығы 40 мыңнан астам абонент сусыз қалған.
Оның қатарында Әуезов, Жеңіс даңғылдары, Қайсенов, Крылов, Тоқтаров, Либнехт, Лихарев, Горький, Бейбітшілік, Чехов, Қазақстан, Қабанбай батыр, Новаторов, Нұрмағамбетов, Толстой, Протозанов, Пермитин, Буров, Мызы көшелері, Славский атындағы жағалау, Красина және Шмелев лог кенттерінің тұрғындары бар.
Сонымен қатар 11 мектеп пен 13 балабақша сусыз қалып отыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір су жинағыш қайта іске қосылды. Онда су жиналып, жүйе біртіндеп стандартты қысым деңгейіне дейін көтеріліп келеді.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде электр желілеріндегі апат салдары жойылып, үйлерге жылу берілгені хабарланған.