Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы 3 ақпандағы атмосфералық ауаның жай-күйі туралы мәліметтерді жария етті. Желсіз күндер аяқталғанына қарамастан ауа құрамында бірқатар ластаушы заттар бойынша шекті рұқсат етілген мөлшерден асып кету фактісі тіркеліп отыр.
- Ең жоғары көрсеткіш көміртек тотығына тиесілі. Оның концентрациясы нормадан 2,5 есе асқан. Сондай-ақ күкірт диоксиді бойынша - 2,1 есе, күкіртсутек - 2 есе, азот тотығы - 1,4 есе шекті деңгейден асқаны анықталды, - делінген ақпаратта.
Осылайша, бір аптаға созылған тұманнан кейін қала қолайсыз метеожағдай режимінен шыққанымен, ауа сапасы әлі де нашар.
Мамандар желдің болмауы мен температуралық инверсия жағдайында ластаушы заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналатынын айтып отыр.
«Қазгидромет» РМК қызметкерлері Өскемендегі ауа сапасына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатқанын және алынған деректердің жедел түрде тиісті қызметтерге жолданып отырғанын мәлімдеді.
Еске салсақ, осыған дейін Конституция жобасы қоршаған ортаны қорғауды ұлттық басымдық ретінде бекітетіндігі хабарланған.