Өскеменде ұландықтар адасып кеткен бес жасар баланы ата анасына табыстады

22.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері адасып кеткен бес жасар баланы тауып, ата-анасына аман-есен табыстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Оқиға Өскеменнің «Алтай» және Шымкенттің «Ордабасы» футбол командалары арасындағы матч кезінде орын алды.

Шамамен сағат 18:50-де, матчтағы үзіліс кезінде патрульдік жасақ әскери қызметшілеріне бес жасар баланың жоғалғаны туралы хабар түсті. Әскери жасақ бастығы хабарламаға жедел әрекет етіп, баланың белгілері көрсетілген бағыттаманы жеке құрамға жеткізді.

Көп ұзамай әскери жасақ бастығы кіші сержант Диас Нұрдыбаев, патрульшілер қатардағы Ербол Айдар және Сүгір Мұхаммед полиция қызметкерлерімен бірлесіп, баланы іздестіруге кірісті.

Нәтижесінде бала табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды. Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері ата-аналарға адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью