Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жарық бүгін сағат 10:30 шамасында өшкен. Тұрғындардың айтуынша, электр қуаты еш ескертусіз сөндіріліп, кемінде үш сағат бойы қосылмаған. Апаттардың салдарынан тұрмыстық техника жиі істен шығып, күнделікті тіршілік қиындап кеткен.
- Жарықтың өшіуі үшінші күн қатарынан қайталанды. Жарықты ескертусіз өшіреді. Бірнеше сағат бойы жарықсыз отырамыз. Балаларға тамақ дайындау да, кір жуу да мүмкін емес. Су да тоқтайды. Өйткені насос жұмыс істемей қалады. Техникалар да істен шыға бастады, - дейді шағын аудан тұрғындары.
«БЭСК» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, кезекті өшіруге жабдықтың апатты жөндеуге шығарылуы себеп болған.
- 13 сәуір күні Өскеменде Л-27 желісінде электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. Себебі «КШТ» қосалқы станциясындағы секция апатты жөндеуге шығарылды. Шамамен 2300 абонент жарықсыз отыр. Ақауды жою үшін жедел бригада жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде 5 мыңға жуық абонент жарықсыз қалғаны хабарланған.