Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Өскемен қаласында, «Буревестник» саяжай қоғамы аумағында, ересектердің қарауынсыз ойнап жүрген жеті жасар бала қарға түсіп кетіп, шыға алмай қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz
ТЖМ мәліметінше, онымен бірге ойнап жүрген басқа балалар, құтқарушыларды шақырған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы қар құрсауынан абайлап шығарып алды. Бала зардап шеккен жоқ.
ТЖМ ата-аналарға ескертеді: балаларды қараусыз қалдырмаңыз және олардың қауіпсіздігін әрдайым бақылауда ұстаңыз.