Өскемендегі зауытта болған жарылыстан зардап шеккендер туралы алғашқы мәліметтер пайда болды

05.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Өскемендегі зауыт аумағында шыққан өрт оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдай салдарынан төрт адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Өскемендегі зауыт аумағында шыққан өрт оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдай салдарынан төрт адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Қазақстан ТЖМ мәліметінше, "Казцинк" ЖШС аумағындағы өрттің оқшауланғаны айтылған. Қазір құтқарушылар тілсіз жауды толық жою үшін конструкцияларды бөлшектеп, жану ошақтарына су себу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ зардап шегуі мүмкін адамдарды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Алдын ала ақпарат бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізіліп жатыр. Оқиға орнында жеке құрамнан 40 адам және 10 техника жұмылдырылды. Өрттің аумағы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Өскемен тұрғындарын көкке көтерілген қою түтін шошытқан болатын. Жарияланған кадрлардан будақтаған қалың түтінді көруге болады.

Желі қолданушылары жарылыс болуы мүмкін деп болжаған. ТЖМ мәліметінше, зауыттардың бірінің аумағында "шаң жинағыш құрылғы жарылып, артынан өрт шығып, нысан ішінара қираған". Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жану орын алғаны анықталды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью