Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды

12.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өскемен қаласында орналасқан «Қазцинк» зауытында болған жарылыс пен өрттің салдарынан зардап шеккендердің тағы бірі ауруханада көз жұмды. Ол 12 мамырға қараған түні қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі қаза тапқан қызметкердің отбасына және барлық жұмысшыларға қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

«Компания қаза тапқан қызметкердің жақындарына және барлық қызметкерлерге қажетті қолдау көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта апаттың салдарын жою және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Өскемен металлургиялық кешені цинк және қорғасын зауыттарында өндірістік қуатты уақытша төмендету режимінде жұмыс істейді», делінген хабарламада.

Еске салайық, 5 мамыр күні зауыт аумағында шаң жинағыш құрылғы жарылып, ғимараттың бір бөлігі құлап, өрт шыққан. Оқиға кезінде екі адам қаза тауып, бес жұмысшы ауруханаға жеткізілген, олардың бірі ауыр күйік алған.

Үкімет басшысы жағдайды жеке бақылауға алып, ТЖМ, Экология министрлігі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі

Оқиға • Бүгін, 14:00

Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады

Оқиға • Бүгін, 13:32

Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін

Қазақстан • Бүгін, 13:22

Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды

Шаруашылық • Бүгін, 13:17

Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады

Технология • Бүгін, 12:47

Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды

Білім • Бүгін, 12:43

Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды

Қоғам • Бүгін, 12:37

Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді

Қоғам • Бүгін, 12:28

Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді

Оқиға • Бүгін, 12:19

Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?

Шаруашылық • Бүгін, 12:02

Оқымаған әрі жүргізуші куәлігі жоқ: Көкшетаудағы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Бүгін, 11:54

Астанада LRT осы аптада іске қосылады

Оқиға • Бүгін, 11:50

Елімізде қандай мамандар тапшы?

Еңбек • Бүгін, 11:42

Мұнай бағасы күрт төмендеді

Әлем • Бүгін, 11:27

Қазақстанда жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллардан асты

Экономика • Бүгін, 11:13

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью