Өскемендік өрт сөндірушілер оқу жаттығу өткізді

13.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Өскемендік өрт сөндірушілер оқу-жаттығу өткізіп, жаңа жабдықтардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін тексерді.

Құтқарушылар сатымен оныншы қабатқа көтеріліп, адамдарды алып шықты. Сондай-ақ олар өртке төзімді капюшондарды да сынақтан өткізді. Сыртта Starlink жүйесімен басқарылатын шұғыл штаб ұйымдастырылды. Жыл басынан бері өңірдегі төтенше жағдайлар департаментіне 70-тен аса көлік бөлінген. Жаңа өрт сөндіру кешендері аудандарға жіберіліп жатыр. Соңғы екі жылда құтқарушыларға 813 арнайы көлік пен 20 мыңға тарта құрал-жабдық сатып алынған.

Дина Бексұлтанова, Өскемен қ. Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

- Қазіргі таңда жаңадан алынған техниканың көмегімен арнайы жаттығулар өткізіледі. Осы жаттығулардың негізгі біздің мақсаты осы халықпен жұмыс жасау, сонымен қатар жаңа техниканың өрт кезінде қалай өз-өзіңді ұстау, қалай пайдалану туралы мәселелерді қарастыру. Дрон арқылы яғни нақты туындайтын нақты өрт ошағын анықтау болып табылады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью