Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қар аралас жауын кеше күндіз басталғанымен, түн ішінде көшелер мен аулаларды қалыңдығы 5 сантиметрге дейін жеткен қар жапты. Таңертең көктайғақ пайда болып, жағдайды одан әрі қиындатты. Соның салдарынан жолдарда кептелістер туындап, жол-көлік оқиғалары көбейді.
Жүргізушілердің айтуынша, әсіресе қаладағы кейбір аудандарда ахуал күрделі.
— Жол өте тайғақ, әсіресе Жібек маталар комбинаты ықшамауданында. Көліктер баяу қозғалып жатыр. Көпшілігі жазғы дөңгелекке ауысып үлгергендіктен, көлікті басқару қиын, - дейді олар.
Синоптиктердің мәліметінше, күн күрт құбылуы өңір арқылы өткен циклонға байланысты. Осыған орай, облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
- 17 сәуірде облыс аумағында жаңбыр аралас қар жауды. Жолдарда көктайғақ сақталады, кей аудандарда тұман түсуі ықтимал. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райы жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарға мүмкіндігінше елді мекендерден тыс сапарларды кейінге қалдыруды ұсынады, - деп ескертті құтқарушылар.
Бұған дейін Қарағандыны да сәуір айындағы қар басқаны хабарланған.