Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

03.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Өскеменде қаланың бұрынғы әкімі Жақсылық Омарға қатысты сот процесі аяқталып, үкім жарияланды. Сот оны алаяқтық жасағаны және пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экс-шенеунік жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Прокурор айыпталушыға 6 жыл түрме жазасын және мемлекеттік қызметте лауазымды орындарды иеленуге тыйым салуды сұраған болатын. Ал қорғау тарапы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды өтінген еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыстық эпизодтар Ж. Омар Өскемен әкімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған кезеңге тиесілі. Ол «материалдық көмек» ретінде рәсімдеу арқылы құны шамамен 13 млн теңге болатын 2021 жылғы Toyota Camry көлігін алған. Кейіннен көлік үшінші тұлғаға қайта рәсімделіп, жаңа модельге айырбасталған.

Екінші эпизод бойынша, Жақсылық Омар әкімдік қызметкерінен 20 млн теңге беруді талап еткен. Қызметкер ҰҚК-ге жүгініп, әрі қарайғы әрекеттер күштік құрылымдардың бақылауымен өткен. Нәтижесінде делдал арқылы 6 млн теңге беріліп, ұстау кезінде оның 5,6 млн теңгесі тәркіленген.

Іс жеделдетілген тәртіппен қаралды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Бұршақ жауып, жел күшейеді: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 12:12

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

Әлем • Бүгін, 11:56

Қарулы Күштердегі ауыс-түйіс: Махсут Гусейнов пен Бағлан Өсербаев жаңа қызметке тағайындалды

Президент • Бүгін, 11:52

Алматыда сүндеттелген бала ауыр асқынулармен ауруханаға түсті

Қоғам • Бүгін, 11:35

Ұялы байланыс тарифі 151%-ға қымбаттады: Қызмет сапасына шағым көбейді

Қоғам • Бүгін, 11:26

Өнеркәсіптегі кооперация: Қазақстан мен ЕЭК бірлескен жобаларды талқылады

Экономика • Бүгін, 11:12

Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер: 16 мыңнан астам адам тізімнен шығарылды

Қоғам • Бүгін, 11:01

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: Командирдің салғырттығы бойынша тергеу аяқталды

Заң • Бүгін, 10:41

Алматы әуежайындағы автотұрақтар кеңейтіледі

Алматы • Бүгін, 10:30

Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды

Аймақтар • Бүгін, 10:22

Ұлттық орталық музейде айрықша сурет көрмесі ашылды

Руханият • Бүгін, 10:06

Ақ халатты алаяқтар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ескерту жасады

Қоғам • Бүгін, 10:04

Астанада қауіпті көше жарысын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:53

Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?

Үкімет • Бүгін, 09:47

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

Ауа райы • Бүгін, 09:32

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью