Өсу баспалдақтары: 13 жылдық жүйелі серпін

19.02.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған ең ауқымды әрі тұрақты бастаманың бірі – Coca-Cola Belesteri әлеуметтік жобасының 13-маусымы қорытындыланды. Үздік бизнес-идея иелері Women in Business жыл сайынғы форумы аясында марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Өсу баспалдақтары» атауымен танылған жоба бастаушы кәсіпкерлерге арналған кешенді білім беру бағдарламасы саналады. Биыл бастама 13-ші рет ұйымдастырылды. Оған халықаралық қайырымдылық қор қолдау көрсетті. Бағдарлама құрылымында онлайн оқу, грант қарастырылған бизнес-идеялар байқауы, акселерациялық кезең бар. Қатысушылар идеяны пысықтаудан бастап нарыққа шығуға дейінгі жолды игереді. Негізгі назар әйелдер мен жастарға аударылған.

Осы маусымда онлайн платформа арқылы 1 600-ден астам өтінім қабылданды. Сараптамалық сүзгіден өткен 19 жартылай финалист тәуелсіз қазылар алдында жобаларын қорғады. Қорытындысында 11 үміткер 1 млн-нан 1,8 млн теңгеге дейінгі грант иеленді. Жеңімпаздардың басым бөлігі – әйелдер. Финалистердің жартысына жуығы 30 жасқа толмаған. Ең жоғары грантты Алматы облысындағы Ольга Паллабадзе атты кәсіпкер алды. Грант көлемі 1 800 000 теңге. Ол органикалық азық-түлік өндірісін «жасыл» технологиялар арқылы дамытуды көздейді. Бұдан бөлек тағы 10 кәсіпкерге 1 000 000 теңгеден берілді.

Қолдау тапқан бастамалар ауқымы әртүрлі. Құйма мәрмәр мен граниттен шұңғылша жасау, ұлттық салт-дәстүрге арналған киімдер мен атрибуттар тігу әрі жалға беру, үй ірімшігі мен тағам өнімдерін шығару, дәруменді батончик өндіру, ою-өрнекпен көмкерілген авторлық сөмкелер тігу, подкаст студиясын іске қосу сынды жобалар бар. Форум күндері өткен көрме-жәрмеңкеде осы жұмыстар жұрт назарына ұсынылды.

Жоба іске қосылған 2012 жылдан бері көпсатылы қолдау экожүйесі қалыптасты. Базалық оқудан гранттық қаржыландыруға дейінгі тетік жүйеленді. Ел аумағында 150 мыңнан астам әйел тегін курстан өтті. Нәтижесінде 10 мыңнан астам шағын кәсіп ашылып, 13 мыңнан аса жаңа жұмыс орны пайда болды. Биылдың өзінде 18 мыңнан астам адам білімін жетілдірді. Оқу мазмұны жыл сайын жаңарып отырады. Өткен жылы жасанды интеллект құралдарын іс жүзінде пайдалану курсы енгізілді.

Он үш жыл ішінде байқау жеңімпаздарының 178-і грант иегері атанды. Олардың көбі өңірлерінде тәлімгерге айналып, кәсіпкерлік мәдениеттің орнығуына ықпал етіп жүр. Іскер әйелдер өз тәжірибесін бөлісіп, жаңа бастамаларға жол ашып жатыр.

«Біз қатысушылар жетістігін мақтан тұтамыз. Бұл жоба кәсіпкерлік әлеуетті жүйелі түрде дамытудың нақты үлгісіне айналды. Түлектер тек жеке кәсібін өркендетіп қоймай, ел экономикасының болашағына үлес қосып келеді», деді «Әлеуметтік Динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.

Компания өкілі Александра Аккирман да бастаманың тиімділігіне тоқталды. Оның айтуынша, жоба аясындағы қолдау нақты нәтиже беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына серпін берген.

Бастаманы халықаралық қор, «Жасыл экономика және G-Global дамыту» коалициясы мен Coca-Cola компаниясының жергілікті құрылымы қолдап келеді. Ұйымдастыру ісін «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры үйлестіреді. Өнімді жұмыспен қамту мен орнықты дамуға қосқан үлесі үшін жоба бірнеше мәрте кәсіби әрі мемлекеттік марапаттарға ие болды. Бұл оның шағын бизнесті өркендетудегі тиімді тетік екенін айғақтай түседі. 

Соңғы жаңалықтар

19 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Жетісуда коалиция өкілдері кәсіпорын ұжымымен кездесті

Референдум • Кеше

Аида Балаева: Білім, ғылым және инновациялар алғаш рет мемлекеттің жоғары құндылықтарының қатарына енгізілді

Референдум • Кеше

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің бірнеше жолы жабылды

Ауа райы • Кеше

«Оқжетпес» футбол клубы жекеменшік қолға өтті

Футбол • Кеше

Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі

Референдум • Кеше

ERG қызметкерлері жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады

Қоғам • Кеше

Ақтөбе облысында жас мұғалім өлі күйінде табылды

Оқиға • Кеше

Үкіметтік емес ұйымдар үшін грантқа өтінімдер қабылдау басталды

Қоғам • Кеше

«Родина» ЖШС ұжымы республикалық референдум өткізуді қолдады

Референдум • Кеше

Мемлекет басшысы креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелеріне өзгеріс енгізді

Заң • Кеше

Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды

Теннис • Кеше

Арнайы жасақ жауынгері: Қазақстан әскери құрылымының дайындығы жоғары деңгейде екенін дәлелдедік

Әскер • Кеше

Атырауда мектептің бұрынғы екі түлегіне «Алтын белгі» берілуі мүмкін

Аймақтар • Кеше

Коалиция мүшелері Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью