Осы аптада Президентке Конституцияның қорытынды мәтіні ұсынылуы мүмкін

28.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

— Меніңше, осы аптада Президентке қорытынды мәтінді ұсынамыз. Бүгін Конституциялық комиссияның отырысы өтеді. Бүгін барлық ұсынысымызды және олар заңның, Конституцияның біртұтас жүйесіне қалай үйлескенін қарастыратын боламыз. Соған орай тағы қай жерлерін түзетуге болатынын ойластырамыз. Ертең де отырыс болады. Бүгінгі ұсыныстарды, олардың қалай, қаншалықты нақты әрі сәтті аударылғанын пысықтаймыз, — деді Айдос Сарым Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссиясының 4-отырысы өтеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью