Осы аптада қандай халықаралық жарыстар өтетіні белгілі болды

27.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

27 сәуір — 1 мамыр — ауыр атлетикадан халықаралық турнир

Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Апиа қаласы (Самоа)

28 сәуір — 10 мамыр — үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты

Қазақстан құрамасынан 10 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Лондон қаласы (Ұлыбритания)

30 сәуір — 3 мамыр — конкурдан Әлем кубогі кезеңі

Құрама сапынан 7 спортшы бақ сынайды.

Өтетін орны: Ташкент қаласы (Өзбекстан)

30 сәуір — 3 мамыр — көркем жүзуден Әлем кубогінің 3-кезеңі

Қазақстаннан 15 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Сиань қаласы (Қытай)

30 сәуір — 3 мамыр — семсерлесуден (рапира, ерлер мен әйелдер) Әлем кубогі

Ел намысын 3 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Ыстанбұл қаласы (Түркия)

1-3 мамыр — дзюдодан Grand Slam турнирі

Жарыста отандық 11 спортшы белдеседі.

Өтетін орны: Душанбе қаласы (Тәжікстан)

1-3 мамыр — семсерлесуден (сапы, ерлер мен әйелдер) «Гран-при» турнирі

Құрама сапынан 4 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Инчхон қаласы (Оңтүстік Корея)

Бұған дейін отандық джиу-джитсу шеберлері Парижде Grand Prix чемпионы атанғанын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью