Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жазғы маусымда Қазақстан бойынша саяхаттау жеңілдей түспек: елде танымал туристік бағыттар бойынша пойыз және әуе рейстерінің саны артады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Жазғы маусымда Қазақстан бойынша саяхаттау жеңілдей түспек: елде танымал туристік бағыттар бойынша пойыз және әуе рейстерінің саны артады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Қосымша пойыздар қай бағыттарға шығады?16 маусымнан бастап Қазақстанда 15 қосымша теміржол бағыты қатынай бастайды.
Жаңа рейстер ірі қалаларды сұранысқа ие туристік аймақтармен, соның ішінде Алакөл, Достық және Балқашпен байланыстырады.
Қосымша пойыздар мына қалалардан жүреді:
Астана; Алматы; Қарағанды; Ақтөбе; Семей; Өскемен; Қызылорда; Павлодар.Бұдан бөлек, 1 маусымнан бастап Қарағанды - Балқаш бағыты бойынша жеке жолаушылар пойызын іске қосу жоспарланған.
Ведомствоның есебі бойынша, қосымша пойыздардың арқасында жазғы кезеңде 550 мыңға жуық отыратын орын пайда болады.
Сондай-ақ министрлік жаз мезгіліндегі жолаушылар ағынына байланысты құрамдардың ұзартылатынын мәлімдеді:
жолаушылар көп кезеңде құрамдар 19–21 вагонға дейін көбейтіледі; басқа уақытта вагондар саны 13–15 болатын. Қандай қосымша әуе рейстері ашылады?Маусымнан тамызға дейін ішкі әуе рейстерінің саны да артады. Қосымша рейстер Астана мен Алматыны Балқаш, Үржар және Үшаралмен байланыстырады. Ұшу жиілігі әр бағыт бойынша аптасына 7 рейске дейін жетеді.
Ведомство билет құны 20 мың теңге көлімінде сақталатынына уәде берді.
"Аталған бағыттар бойынша әуе билеттерінің құны әлеуметтік қолжетімді деңгейде - 16-дан 20 мың теңгеге дейін сақталады, бұл көптеген отбасыға еліміздің туристік аймақтарында жазғы демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді", - делінген Көлік министрлігі хабарламасында.
Министрлік деректері бойынша, 2026 жылы Қазақстанда 60 ішкі бағыт бойынша рейстер орындалып жатыр. Жалпы жиілік - аптасына 813 рейс.
Сонымен қатар, мемлекет кейбір бағыттарды субсидиялауды жалғастырып жатыр. Биыл 24 бағытты, оның ішінде 16 туристік бағытты қолдауға 6,4 миллиард теңге бөлінген.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу