Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қалай өтеді?

06.05.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Еліміздегі ең маңызды екі патриоттық мерекеге орай Қорғаныс министрлігі ауқымды бағдарлама әзірледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бағдарлама аясында әскери шерулер, салтанатты рәсімдер, әскери техникалар көрмелері және ардагерлермен кездесулер еліміздің барлық өңірінде өтпек.

Ер есімі – ел есінде
Қорғаныс министрлігі 1938-1945 жылдары Қызыл әскер қатарына шақырылған қазақстандықтардың тағдыры туралы мәліметтерді қамтитын «Батырларға тағзым» ұлттық порталын дамыту жұмысын жалғастыруда. Құжаттарды цифрландыруға 20 мыңнан астам студент, курсант және кадет тартылды.
Мереке күндері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Қорғаныс министрінің атынан алғыс хаттар табысталады. Сонымен қатар ведомство өкілдері мен әскери оркестр әрбір ардагердің үйіне арнайы барып, құрмет көрсетеді.
Астанадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында (Республика даңғылы, 2) «Ерлікке тағзым» көрмесі жұмыс істеп тұр. 6 мамыр күні мұнда үздік әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі және мерекелік концерт өтеді.
Отан қорғаушы күні «Бәйтерек» монументі алдында (сағат 12:00-12:30) өтетін плац-концертпен басталады. Орталық әскери оркестр мен Құрмет қарауылы ротасы мерекенің сәнін келтіреді.
Түстен кейін (сағат 15:00-16:00) әскери оркестр қала көшелерімен шеру жасап өтеді: Кенесары хан ескерткішінен бастап, Есіл өзенінің жағалауы арқылы «Атырау» көпірінен өтіп, Орталық саябақтағы концертпен аяқталады.
Сонымен қатар «Отан қорғаушылар» монументі, «Жастар» сарайы, қала әкімдігі және Бауыржан Момышұлы ескерткіші маңында концерттер ұйымдастырылады.
9 мамыр күні «Отан қорғаушылар» монументі жанында қару-жарақ пен әскери техниканың көрмесі өтеді. Таңғы сағат 9:00-де ардагерлерге көрсетілген ерекше құрмет белгісі ретінде оларға сарбаз ботқасы ұсынылады.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы «Жерұйық» саябағындағы генерал И.В.Панфилов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады.
7-9 мамыр аралығында өңірлерде әскери шерулер, ашық есік күндері, ерлік сабақтары және әскери оркестрлердің дефилелері өтеді. Ерекше форматта мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтармен кездесулер ұйымдастырылып, олардың өмірлік оқиғалары, архивтік фотосуреттері көрсетіліп, Отанға қызмет етудің мәні туралы ашық әңгіме өрбиді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью