Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне қайғыра отырып, көңіл айтады.
"Альмира Үмбетқызы талай қаламгер мен жас маманға бағыт-бағдар берген білікті маман, тағылымы мол тәлімгер еді. Ол отандық кітап шығару ісінің дамуына елеулі үлес қосты. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы "Алматыкітап" баспасында еңбек етіп, мазмұны терең, көркемдік деңгейі жоғары көптеген басылымның жарық көруіне атсалысты. "Менің Қазақстаным" сериясындағы ұлттық киім, салт-дәстүр мен тарихи тұлғалар туралы еңбектерге, Абай, Ыбырай, Ахмет және Шоқанға арналған танымдық кітаптарға, балалар әдебиеті мен энциклопедиялық, өлкетану басылымдарына оның авторлық және редакторлық еңбегі сіңді. Бұл туындылар талай оқырманның рухани серігіне айналып, жас ұрпақтың туған елдің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттырды. Альмира Үмбетқызы кәсібіне адалдығымен, биік талғамымен әріптестерінің айрықша құрметіне бөленді. Оның өнегелі ғұмыры мен жарқын бейнесі туған-туыстарының, әріптестері мен оқырмандарының жүрегінде сақталып, артында қалдырған мол мұрасы ел игілігіне қызмет ете береді. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!", делінген қаралы хабарда.
Бұған дейін сот залынан түсірілген Қайрат Рысқұлбековтың суретінің авторы, фото тілші Юрий Беккер дүниеден озғаны хабарланған.