Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Әлемнің 28 елінен жиналған 550 спортшы бақ сынаған байрақты бәсекеде елордалық саңлақтар ел абыройын асқақтатты.
Бұл жарыста ел намысын қорғаған Астана қаласының екі спортшысы жоғары нәтиже көрсетіп, Париж төрінде топ жарды.
Атап айтқанда, жарыстың алғашқы күні 56 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Бекзат Казтаев қарсыластарының бәрінен басым түсіп, чемпион атанды.
Ал жарыстың екінші күнінде 85 келі салмақ дәрежесінде белдескен Мерей Кабдуллаев та жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, алтын жүлдені қанжығасына байлады.
Осылайша, жаттықтырушы Арманжан Рузахунов баптайтын елордалық қос спортшы Париж төрінде ел абыройын биіктетті.
Бұған дейін Қазақстан джиу-джитсудан жағажайдағы Азия ойындарында 4 медаль еншілегенін жаздық.