Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Министрдің айтуынша, елдегі сатылымдағы ірімшіктің 58%-ы отандық өндіріс, яғни ішкі сұраныстың жартысынан көбі өз өнімімізбен қамтамасыз етіліп отыр. Ал алдағы мақсат — бұл көрсеткішті 80%-ға жеткізу, бұл импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтады.
— Адамдар дәмі мен бағасына қарай таңдайды. Бірақ сапа жағынан біздің ірімшік шетелдік өнімнен еш кем емес, — деді Айдарбек Сапаров.
Министр баға мәселесіне де тоқталды.
— Өнімнің бағасы дүкен мен тауар желісіне байланысты өзгереді. Өндіріс кезінде баға төмен болуы мүмкін, бірақ делдалдар мен сауда үстемесі әсер етеді. Жалпы сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс, — деді ол.
Айдарбек Сапаров отандық ірімшіктің сапасын арттыру және бағасын бәсекеге қабілетті ету үшін шаралар жалғасып жатқанын атап өтті.
Бұған дейін министр сиыр еті экспортына қойылған шектеудің жеңілдеуі мүмкін екенін айтқан еді.