Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
«Ауыл» партиясының өкілдері Шымкент қаласындағы «ALSERA KZ» жылыжай кешенінің еңбек ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызмені сілтеме жасап.
Бұл жиынға «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов бастаған ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ғани Қарабеков, Талғат Айтбаев, Айнұр Идрисова және Тимур Савиндер қатысты. Олар заманауи агротехнологияларды енгізу, отандық көкөніс өндірісін арттыру, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін күшейту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқылады.
«ALSERA KZ» – жалпы аумағы 650 гектарға жететін кешен. Толық қуатына қосылғанда жылына 155 мың тоннаға дейін қызанақ өндіріп, 5 мыңға дейін жаңа жұмыс орнын қамтымақ.
Сондай-ақ жоба аясында заманауи зертханасы бар агроакадемиялық орталық құру, ресурстарды үнемдеу және маусымаралық кезеңде көкөніс импортына тәуелділікті төмендету көзделген.
Жиында Қайрат Айтуғанов мұндай кешендердің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудағы, білікті мамандар даярлаудағы маңызын атап өтті.
Өз кезегінде «Ауыл» партиясының өкілдері агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық жаңғырту мен отандық өндірушілерді қолдау сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары екенін айтып, «ALSERA KZ» сияқты ірі жобалардың тәжірибесін елдің басқа өңірлерінде де дамыту қажеттігін білдірді.