Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық өндірушілердің жобаларымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Фото: egemen.kz/Ерлан Омар
Машина жасаушылар форумы 1300-ден астам делегаттың басын қосты, оның ішінде Австрия, Германия, Италия, ҚХР және басқа да 20-дан астам елден келген жетекші өндірушілер, мамандар мен бизнес өкілдері бар.
Премьер-министр Олжас Бектенов форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде елімізде салаларды жаңғырту мен экономиканың тұрақты өсуінің институционалдық негізіне айналған жаңа Конституцияның қабылданғанын атап өтті.
«Біз бәріміз ел тағдырын айқындайтын елеулі кезеңнің куәсі болдық. Қоғамның белсенді қолдауымен референдумда жаңа Конституция қабылданды. Әрқайсымызға мәлім, экономиканың және қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға мүмкіндік беретін еліміздің Негізгі заңының авторы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Аса маңызды құжат ұлтымыздың ұзақмерзімді даму бағдарын айқындап, Қазақстанның кез келген сын-қатерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді. Осылайша, «Әділетті Қазақстанды» құру үшін берік құқықтық негіз қаланды. Бұл экономикаға, соның ішінде өнеркәсіп саласына да ерекше жауапкершілік жүктейді әрі еліміздің мол шикізаттық әлеуетін халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағыттай алатын қуатты өңдеуші секторды дамытуды талап етеді», деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына сәйкес, елімізде машина жасау саласын дамыту үшін болжамды әрі тұрақты орта қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мемлекет пен бизнестің ортақ міндеті – әділ және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту.
Өткен жылы машина жасау өндірісі 5,7 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 13%-ға өсті. Отандық өндірушілер сыртқы нарықтарға батыл шығып келеді, соңғы 5 жылда экспорт көлемі екі еседен асып, 1,3 млрд доллардан 3,1 млрд долларға дейін жетті. Республика бойынша барлығы 4 мыңға жуық зауыт жұмыс істейді, онда 130 мыңнан астам білікті маман еңбек етеді.
Негізгі капиталға тартылатын инвестицияның үштен бірге өсуі – 376 млрд теңгеге жетуі саланы әрі қарай жаңғыртуға негіз болады. Барлық негізгі бағытта, оның ішінде, автомобиль, ауыл шаруашылығы, теміржол және электротехникалық машина жасау салаларында оң серпін байқалады.
Соңғы жаңалықтар
Бұршақ жауып, жел күшейеді: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 12:12
Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты
Әлем • Бүгін, 11:56
Қарулы Күштердегі ауыс-түйіс: Махсут Гусейнов пен Бағлан Өсербаев жаңа қызметке тағайындалды
Президент • Бүгін, 11:52
Алматыда сүндеттелген бала ауыр асқынулармен ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 11:35
Ұялы байланыс тарифі 151%-ға қымбаттады: Қызмет сапасына шағым көбейді
Қоғам • Бүгін, 11:26
Өнеркәсіптегі кооперация: Қазақстан мен ЕЭК бірлескен жобаларды талқылады
Экономика • Бүгін, 11:12
Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер: 16 мыңнан астам адам тізімнен шығарылды
Қоғам • Бүгін, 11:01
Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: Командирдің салғырттығы бойынша тергеу аяқталды
Заң • Бүгін, 10:41
Алматы әуежайындағы автотұрақтар кеңейтіледі
Алматы • Бүгін, 10:30
Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды
Аймақтар • Бүгін, 10:22
Ұлттық орталық музейде айрықша сурет көрмесі ашылды
Руханият • Бүгін, 10:06
Ақ халатты алаяқтар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 10:04
Астанада қауіпті көше жарысын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:53
Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?
Үкімет • Бүгін, 09:47
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 09:32