Отандық медицинаға шетелдіктердің сенімі артқан

23.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Елімізге ем іздеп келетін шетелдіктердің саны көбейіп келеді. Соңғы 5 жылда  медициналық туристердің саны 5 есеге өскен.

Дертіне дауа іздеген жандардың арасында АҚШ, Германия, Израиль, Жапония секілді елдердің азаматтары да бар. Медициналыық туристердің Қазақстанға ағылуының сыры неде?

Арлис Мэнзис АҚШ елінің азматшасы. 6 жылдан бері Назарбаев университетінде дәріс береді. Апта бұрын аяғын абайсызда ауыртып алып, Астанадағы ұлттық ғылыми травматология орталығында ота жасатқан. Қазақстанның медициналық мүмкіндігін көрген 46 жастағы әйел таңданысын жасырмады. 

Арлис Мензис, АҚШ азаматшасы:

- Әдетте АҚШ-та операция жасағаннан кейін науқасты бірден үйіне қайтарады. Қазақстанда ұнағаны емделуші толықтай дертінен айығып, аяққа тұрғанша ауруханада жатып ем алады. Сондай-ақ АҚШ-та Қазақстандағыдай сақтандыру мәселесі толық реттелмеген. Тек жақсы жұмыс орындарында ғана медициналық сақтандыру бар. Онысы жоқтар ақылы ем алады. Ал оның бағасы Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда қымбат. 

Медициналық туризмді түлету маңызды бағыттың бірі. Осы ретте отандық 9 клиника әлемдегі жоғары саналатын «Джи Си Ай» аккредитациясынан өткен. Салаға құйылған қаржы көлемі соңғы 10 жылда 3 есеге артты. Мәселен, роботтандырылған Миссо жүйесі ТМД елдері арасында тек Қазақстанда бар. Ол жасанды интеллектінің көмегімен операцияны аса дәлдікпен жасауға мүмкіндік береді.

Гүлжанат Қорғанбекова, Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының травматолог-ортопед дәрігері:

- Шетелдік барлық операцияның жолдары бар. Осы бөлімшеде біздің дәрігерлермен жасалады. Сол операцияларды шетелден кем жасамайтын болғандықтан, ол кісілер бізге келіп, өз елдерінде дамымаған соң бізге сенім артып, елдерінен келіп жатады.

Министрліктің сөзінше, дертіне дауа іздегендер Қазақстанға ем алу мен қатар дем алуға келеді. Осы уақытқа дейін елімізде шипа тапқан шетелдіктерге есеп жүргізілмегендіктен нақты саны жоқ.

Белгілісі Түркиядан келген медициналық туристер саны 3 есе, қытайлықтар 24, үндістандықтар 40 есеге өскен. Одан өзге Қазақстан медицинасына жүгінген Азия, Еуропа және америкалықтардың қатары артқаны байқалады.

Жанар Ботагарина, ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басқарушы директоры:

- Соңғы бір-екі жыл көлемінде 14 ПЭТ (позитронды эмирсонды томография), компьютерді томография сияқты құрылғыны орналастырды. Оның бағасы басқа елдерден қарағанда төмен, сапасы жақсы. Сондықтан біздің елімізге келеді.

Министрлік ем іздеп келген шетелдіктердің есебін жүргізуді енді қолға алмақ. Сонда ғана отандық медицинаға халықаралық сенімнің қаншалықты артқанын нақты анықтауға болады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью