Отандық өндірушілерді қолдау: шетелдік азық түлікке жаңа шектеу ұсынылды

31.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«Қаулы жобасы Қазақстан Республикасында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шетелдік текті азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеуді көздейді. Мемлекеттік сатып алуларға қатысу тиісті тізілімге енгізілген қазақстандық тауар өндірушілерге берілетін болады. Сондай-ақ жоба аясында алып тастау қолданылатын тауарлар тізбесін бекіту және қаулының қолданылу мерзімін екі жыл деп белгілеу көзделген», делінген Үкіметтің тиісті қаулы жобасының сипаттамасында.

Отандық өнімдер дүкен сөрелерінде қашан төрге озады?

Құжатта жобаның «конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында әзірленгені» айтылған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью