Отандық өндірушілерге тауарларды теміржол арқылы тасымалдау шығындары өтеледі

08.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстанда отандық өндірісті қолдауға арналған мемлекеттік құралдар кеңейтіліп жатыр.

— Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды ішкі нарыққа ілгерлетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Енді кәсіпорындарға ел ішінде басым тауарларды теміржол арқылы тасымалдауға жұмсалған шығындардың 50%-ын өтеуге болады — бұған дейін ішкі тасымалдарға мұндай шара қолданылмаған, — делінген 

Негізгі қолдау көрсеткіштері:

* Өтемақы — тасымалдау шығындарының 50%-ына дейін;
* Ең жоғары мөлшері — 10 мың АЕК-ке дейін (43,25 млн теңге);
* республика ішіндегі тасымалдарға қолданылады.

Бұл шара логистикалық шығынды азайтуға, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және қазақстандық құрамды арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, халықаралық сертификаттау шығындарын өтеу көлемі бес есе артты:
— 3 000 АЕК-тен 15 000 АЕК-ке дейін (шамамен 65 млн теңге).

Халықаралық сертификаттардың болуы қазақстандық компанияларға трансұлттық құрылымдардың тендерлеріне қатысуға мүмкіндік береді.

— Еңбек өнімділігін арттыруға арналған қолдау шараларын алу үшін салық көрсеткіштері бойынша талаптар жеңілдетілді. Енді жыл сайынғы салық түсімінің өсуі шарты 7 жылдан аз тіркелген кәсіпорындарға (бұрын — үш жыл) қолданылмайды, бұл «жас» өндірістердің мемлекеттік қолдауға қолжетімділігін кеңейтеді, — делінген хабарламада.

Айта кетелік «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісінде қозғалыс қарқыны қандай екені туралы жазған едік

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью