Отандық қорғаныс өнеркәсіп кешенінің жетістіктері қандай

26.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жиынға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев төрағалық етті.

Кездесуде отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысының қазіргі жағдайы талқыланып, оларды қолдау шаралары аясындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың басым бағыттары айқындалды.

Кездесуде тақырыпқа қатысты бірқатар баяндамалар жасалды.

Жиынды ашқан генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

– Еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені – мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және экономиканың түрлі салаларының дамуына серпін беретін стратегиялық маңызды сала. Оның құрамына қару-жарақ, әскери және арнайы техника өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары кіреді. Бүгінде заманауи бронетехника үлгілерін жасау, сервистік қызмет көрсету мен жөндеу базасын дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және цифрландыру бағытында ілгерілеу бар, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Сонымен бірге Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы алдын ала келісімдерге сүйене отырып, отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру шараларын іске асырып жатыр. Оның ішінде әртүрлі типтегі ұшқышсыз ұшу аппараттарын, радиоэлектрондық күрес құралдарын локализациялау бойынша ұсыныстар енгізілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарттарын, оларды уақтылы әрі сапалы орындау жөніндегі кешенді шараларға ерекше назар аударды.

Осыған дейін қорғаныс саласына арналған инновациялық IT алаңы іске қосылғаны туралы жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью