Отаншылдық ұғымын қалай түсінесің?

20.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінде отаншылдық идеясы елдің аса маңызды страте­гиялық тірегіне айналды. Ал ортақ құндылықтарға топ­тасқан қоғам ғана тұрақтылық пен бірлікті сақтай алады. Осы орайда «Сіз үшін отаншылдық деген не және оны күнделікті өмірде қалай көрсетуге болады?» деген сауал төңірегінде жастардың пікірін білген едік.

Айым ЕСЖАН, оқушы

– Өркениет менің ауламнан, көшемнен басталады. Бұл – сырттан бақылау болмаса да, ең дұрыс шешімді қабылдау әрі соған сай әрекет ету. Егер әр оқушы «қазір мені ешкім бақылап тұрған жоқ қой» деген ойдан арылып, қолындағы қоқысты кез келген жерге тастамай, тазалықты сақтауды өзінің ішкі адалдығы мен борышы деп түсінсе, мемлекетіміз де түбегейлі өзгереді. Нағыз отаншылдық өтірік айтпаудан, біреудің атқарған еңбегін, мейлі ол көше сыпырушы болсын, мейлі бағбан болсын, төккен терін сыйлаудан, қоршаған ортаға, табиғатқа ешқандай қиянат жасамаудан құралады. Біз ниетімізді түзеп, күнделікті қарапайым істерде адал болсақ қана, мемлекетіміздің берік іргетасын қалай аламыз.

Мерей САҒАДАТҰЛЫ, студент

– Заң мен тәртіп – кез келген еркін­дік пен бостандықтың басты кепілі. Мем­лекетте заңның құдіреті бәрінен биік, барлық азамат үшін тең, ортақ болуға тиіс. Біз кез келген іс-әрекетіміз арқы­лы құқықтық ережелерді сақтаудың маңыз­дылығын насихаттаймыз. Мәселен, студент немесе ертеңгі жас маман жол ере­жесін бұзбауды әдетке айналдырса, өмірінің ешбір кезеңінде сыбайлас жем­қор­­лыққа жол бермесе, азаматтық құқығы мен міндетін біліп, оны орын­­дай алса, сонда ғана нағыз әділетті мемлекетке айналамыз. Өйт­кені тәртіп бар жерде ғана жүйелі даму мен тұрақтылық болады. Ал заң­­ға бағыну – отаншылдықтың бір көрінісі, мәдениеттіліктің ең Жо­ға­­­ры деңгейі. Тарихқа көз жүгіртсек те, заң мен тәртіпке бағынып, бере­ке-бірлікте, тату-тәтті өмір сүрудің үйлесімді үлгілерін көріп келеміз.

Мирас ЯУДА, жас маман

– Нағыз патриотизм – бұл ұрандату емес, өз ісіңді барынша сапалы әрі мінсіз атқару. Мен оқуымды бітіріп, қазір маман ретінде алғашқы қадамдарымды жасап жатырмын. Өркениетті ел қатарына қосылу үшін «диплом алдым, жұмысқа орналастым» деген оймен шектелмей, өз саламызда үздіксіз ізденіп, күн сайын дамуымыз қажет. Егер әр отандасымыз өз мамандығына қарамастан, жұмысына асқан жауапкершілікпен қарап, етікші етігін сапалы тіксе, ал дәрігеріміз әлемдік деңгейдегі біліктілік танытса, біз ешқандай өзге елге жалтақтамайтын, өз күнін өзі көре алатын қуатты мемлекет боламыз. Еңбек – тек материалдық байлық көзі емес, ол адамның тұлға ретінде қалыптасуының, елдің экономикалық тәуелсіздігінің негізгі қозғалтқыш күші. Әр сапалы атқарған іс – ел болашағына қосылған нақты үлес. Міне, мен үшін отаншылдық ұғымының мәні – осында.

Нұрғожа ЕРСАЙЫН, тарихшы

– Отаншылдық – сырттан таңы­ла­тын ұран емес, адамның ішкі жауап­кершілігінен туындайтын сана биіктігі. Ол ең әуелі адамның өзінен басталады: өз өмі­ріне, ісіне, уәдесіне жауап беру, адал еңбек ету, қателігін мойындай білу. Одан кейін отбасына, айналаға ұласады. Өз аула­сына, көшесіне бейжай қарамау, ортақ мүлікті құрметтеу – азаматтық сананың көрінісі.

Жауапкершілік ауқымы кеңейген сайын ол мемлекет деңгейіне көтеріледі. Заңды сақтау, салық төлеу, қоғамдық мәселелерге немқұрайды қарамау. Шын мәнінде, бұл – адамның жауапкершілік шеңберінің ұлғаюы. Бүгінде отаншылдықтың маңызды бір қыры – ақпараттық жауапкершілік. Әлеуметтік желілерде тарихты бұрмалау, ел болашағына күмән тудыру оңай. Ұлттық сана әлсіз болса, қоғам мұндай ықпалға еріп кетуі мүмкін. Ал саналы азамат жал­ған ақпаратты сүзгіден өткізіп, тексермеген мәліметті таратпайды.

Отаншылдық – жай сезім емес, ол тұрақтылықты сақтайтын ішкі қорғаныс тетігі. Жауапкершілігі жоғары азаматтар көбейген сайын, мемлекет те берік әрі орнықты бола түседі.

Күләш СЕЙІТБЕК, мұғалім

– Қазіргі қоғамда «Адал адам», «Адал еңбек» деген сөздер жиі айтылады. Оның негізі отаншылдық ұғымымен пара-пар. Бірақ мұны әр буын әртүрлі түсінеді. Кей азаматтар әлі де тек қара күшпен, маңдай термен атқарған жұмысты ғана адал еңбек дейді. Бұрынғы ата-әжелеріміз жоқшылықты, аштықты көрді. Ол кездегі еңбектің парқы басқаша еді. Соның әсерінен, тапқан тиынның қадірін білді. Ал бүгінгі студенттер мен жас отандастарымыз дәстүрлі, ауыр еңбекті таңдай бермейді. Мұндай жұмыста күш көп, ал табыс аз, мансаптық өсу жоқ. Жастардың жеңіл әрі жылдам мүмкіндік секілді көрінетін цифрлық табысқа ұмтылуы – заман талабы. Сондықтан адал еңбек – жұмыстың ауыр-жеңілдігінде емес, ондағы ниет пен сапада. Қай салада еңбек етсе де, адам өз ісін таза, жауапкершілікпен, ел игілігін ойлап атқарса – нағыз патриотизм.

Түйін. Тазалық сақтау, заңға бағыну, кәсіби шеберлікті арттыру, ақпараттық сауатты болу, адал еңбек ету, жауапкершілікті үстем қою – мұның бәрі отаншылдықтың нақты көрінісі. Мұндай азаматтар көбейген сайын, мемлекет те қуатты, тұрақты, бәсекеге қабілетті бола түседі. Демек, өркениетке бастайтын жол – әркімнің өзінен басталатын ішкі мәдениет пен саналы әрекет. 

Соңғы жаңалықтар

55 жыл жасаған «Садзаэ ханым»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

98 түрлі «Күлше қыз»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Энеолит дәуірінен жеткен қазына

Жәдігер • Бүгін, 07:50

Момышұлына қарап сап түзеген

Музей • Бүгін, 07:45

Қардан мүсін тұрғызды

Өнер • Бүгін, 07:40

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді

Олимпиада • Бүгін, 03:05

Америкалық Mars компаниясы Қазақстанда үй жануарларына азық өндіретін зауыт салады

Президент • Бүгін, 02:35

Мемлекет басшысы Ashmore Group басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады

Президент • Бүгін, 02:15

АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мақсатында елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі

Президент • Бүгін, 01:56

Қазақстан мен АҚШ корпорациясы бірлескен инфрақұрылым жобаларын талқылады

Президент • Бүгін, 01:45

Алматы облысында десантшылардың кешенді дайындығы өтті

Аймақтар • Бүгін, 00:05

Мемлекет басшысы: Қазақстан Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын

Президент • Кеше

Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі

Президент • Кеше

Ақмола облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын сотталды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью