Отардағы сарбаз оқиғасы: Әскери бөлімнің 4 лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды

19.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші Ербол Қапарға күш қолданылып, сарбаз жақ сүйегінен жарақат алған. Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: adyrna.kz

Бұдан бөлек лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізілген.

Нақты айтқанда кадрлық шешім қабылданып, басшылық құрамындағы төрт лауазымды тұлға: әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметтерінен босатылған.

«Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметтік әрекетке сәйкес емес деп ескерту жарияланды. Бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жазалар қолданылды. Қабылданған шаралар атқарып отырған лауазымына қарамастан, дербес және бұлтартпас жауапкершілік қағидатын көрсетеді. Заңға сәйкес барлық мән-жайға түпкілікті қорытынды мен құқықтық баға тергеу нәтижелері бойынша беріледі», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазір жарақат алған сарбаз Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпиталінде оңалту курсынан өтіп жатыр.

Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ, боран және аяз: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:34

Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады

Қысқы спорт • Бүгін, 09:24

Ораза кезінде қандай тағамдарды шектеу керек?

Денсаулық • Бүгін, 09:13

Көпбалалы отбасыларға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:05

Балық өсіру – бәсі жоғары шаруашылық

Кәсіпкер • Бүгін, 09:00

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50

Әлемді ізгілікке шақыратын ай

Дін • Бүгін, 08:45

Дананы сомдаған Хәкімжан

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Жақұт тастың зергері

Өнер • Бүгін, 08:35

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды

Ата заң • Бүгін, 08:33

Қағазбастылық қашан жойылады?

Білім • Бүгін, 08:30

Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп

Саясат • Бүгін, 08:28

Білім саласының білгірі еді

Тұлға • Бүгін, 08:25

Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті

Саясат • Бүгін, 08:22

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью