Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстандықтар ипотекалық ай сайынғы төлемдерін 7 қаңтар сағат 20:00-ге дейін жасай алады, бұл төлемдер кешіктірілген деп саналмайды, өсімпұлдар алынбайды, ал төлемдердің кешіктірілгені туралы ақпарат кредиттік бюроға берілмейді. Төлемдерді серіктес банктер – Kaspi Bank, Halyk банк, сондай-ақ Қазақстанның кез келген банкі арқылы ағымдағы есепшотқа аудару арқылы жасауға болады.
Қаржы ұйымы қосымша атап өткендей, мобильді қосымша штаттық режимде жұмыс істеп тұр, барлық негізгі функциялар толық көлемде қолжетімді.
Еске сала кетейік, Отбасы банк қосымшасы мен enpf-otbasy порталы уақытша істен шыққан еді.
Айта кетейік, Отбасы банк Алматыдан Астанаға көшіп жатыр.