7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Отбасы банк жеңілдетілген 2% және 5% ипотекалық бағдарламаларға өтінім қабылдауды бастады.
Пәтерлер кезекте тұрған және әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға беріледі. Несие 20 жылға дейін беріледі, бастапқы жарна – кемінде 10%. 2% ипотека ардагерлер, мүгедектігі бар азаматтар, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға арналған. Ал 5% бағдарламаға әлеуметтік осал топтардың кең ауқымы қатыса алады.
Қазіргі уақытта өтінім қабылдау бірқатар өңірлерде жүріп жатыр. Пәтерлер Қостанай, Петропавл, Тараз, Аягөз және Жаркент қалаларында үлестіріледі.
Ал Алматы мен Астанада бұл бағдарлама бойынша әзірге дайын тұрғын үйлер жоқ.
Өтінімді банк сайты, мобильді қосымша немесе бөлімшелер арқылы беруге болады.