Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Мемлекеттік сыйлықақының шоттарға есептелуіне байланысты 27 ақпан сағат 18:00–ден 2 наурыз сағат 09:00–ге дейін келесі қызметтер қолжетімсіз болады:
банк бөлімшелері, агенттік желі, видеобанкинг, мобильді қосымша, интернет-банкинг және «Baspana Market» порталы арқылы шоттар мен депозиттер ашу және толықтыру, сондай-ақ біліктіліктен өту;
серіктес банктер арқылы кредиттер бойынша төлемдерді қабылдау және депозиттерге жарналар енгізу;
мобильді қосымшадағы автотөлемдер.
— Операцияларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеріп, қажетті төлемдерді алдын ала жүзеге асыруды сұраймыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. 28 ақпан банктің барлық филиалы мен бөлімшелері үшін демалыс күні, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Отбасы банк 2 наурыздан бастап тұрғын үй кезегінің тәртібін өзгертеді.