Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Отбасы банк қызметкерлері тұрғын үй кезегін жылжытқаны үшін ақша алып, клиенттер несие алуы үшін табысы туралы құжаттарды қолдан жасаған. Бұл туралы KASE-де жарияланған банк есебінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отбасы банкіндегі бірқатар заңбұзушылық
Есепте 2025 жылы банкте тұрғын үй кезегін жылжытуға және қарыз беру үшін құжаттарды қолдан жасауға қатысты бірқатар құқықбұзушылық анықталғаны айтылған.
Қызметкерлер кезек саудасымен айналысты және лоббизм жасады деген айып тағылған.
"2025 жылы банк қызметкерлері тарапынан клиенттер, риелторлар, жеке сот орындаушылары мен нотариустардың мүдделерін қорғағаны, тұрғын үй кезегін жылжытқаны үшін заңсыз сыйақы алуға байланысты бірқатар сыбайлас жемқорлық дерек анықталды. Сондай-ақ филиалдардың бірінде қызметкердің клиенттердің төлем қабілетін растайтын табыс туралы жалған құжаттар жасап, оларды несиелік өтінімдерге қосу деректері белгілі болды", – делінген құжатта.
Нәтижесінде қызметкерлер "сенімді жоғалтуына байланысты" жұмыстан босатылғаны айтылды. Іс материалдары полицияға жіберілген. Ресми мәлімет бойынша, қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүріп жатыр.
Отбасы банкі мен бұрынғы қызметкер арасындағы сот2025 жылдың тамызында Отбасы банкінің бұрынғы қызметкері сыбайлас жемқорлық пен банк жұмыскерлерінен заңсыз ақша жинау туралы шағымынан кейін өзін жұмыстан шығарып жібергенін мәлімдеген болатын.
Оның айтуынша, қызметкерлер басшылыққа сыйлық алуға, корпоративтік кештер мен мерекелерге ақша жинаған. Мысал ретінде ол бөлімдердің бірінде банк басқарма төрағасының орынбасарының туған күніне 239 мың теңге жиналғанын алға тартты.
Сол кезде банк өкілдері қызметкерлердің төраға орынбасарына сыйлық алу үшін өз еркімен ақша жинағанын түсіндірді. Бұл ретте басшылық бұған дейін сыйлық беруге тыйым салған екен. Сыйлықты алғаннан кейін төраға орынбасары одан бас тартып, жиналған ақшаны қызметкерлерге қайтаруды сұраған.
Сондай-ақ банк ер адамның шағымдарға байланысты жұмыстан шығарылғанын жоққа шығарды. Олар бұған қызметкердің екі күн бойы жұмыс орнында болмауы себеп болғанын алға тартты.
Ер адам еңбек дауына байланысты банкпен екі рет соттасты, алайда сот қаржы ұйымының пайдасына шешім шығарды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу