Отбасы банктің қолдауымен 1,5 жыл ішінде 40 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлады

05.08.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Отбасы банкі 2025 жылдың басынан бері тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған 39 536 қазақстандықтың баспаналы болуына мүмкіндік жасады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Банктің хабарлауынша қоныс тойын жақындатуға банктің «2-10-20», «5-10-20», «Наурыз» мемлекеттік бағдарламалары ғана емес, сондай-ақ басқа да қолжетімді ипотекалық бағдарламалары ықпал етті. Атап айтқанда, тұрғын үйге мұқтаждар есебінде ұзақ жылдар бойы тұрған қазақстандықтар өңірлік жастар бағдарламалары, «Әскери баспана», «Наурыз Жұмыскер», «Жасыл ипотека», «Жас отбасы» бағдарламалары, сондай-ақ несие мөлшерлемесі жылдық 3,5%-дан* басталатын банктің нарықтық бағдарламалары арқылы баспаналы болды.

2025 жылы тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған 15 282 адам қолжетімді шарттармен берілетін тұрғын үй несиесінің көмегімен баспана сатып алды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған 10 854 қазақстандық банктің несиелік бағдарламаларының көмегімен жеке пәтерлері мен тұрғын үйлерін сатып алды.

Сонымен қатар, ұлттық даму институты ретінде Отбасы банкі тұрғын үйге аса мұқтаж азаматтарға 13 400 жалдамалы пәтерді бөлді. Нәтижесінде олар жайлы әрі қауіпсіз тұрғын үйде өмір сүруге мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью