Отбасы бақыт мекені: Астанада психологиялық көмек орталығының жиыны өтті

31.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Соның бірі – Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ мен  The Gestalt Space  Relational Psychotherapy Center арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға отыруы. Соның аясында орталық қызмет алушыларына арналған «Ішкі тірек деген не және ол не үшін қажет?» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Астана қаласы әкімдігі «Жанұя» орталығының психологиялық көмек көрсету бөлімі ұйымдастыруымен өткен тренингтің маңызын гештальт бағытындағы маман, орталық жетекшісі Лидия Васильева түсіндірді. 

Оның айтуынша, қатысушылар ішкі тіректің мәнін және оның қалыптасу механизмін үйренеді. Өмірдегі қиын жағдайларда ішкі ресурстарды пайдаланудың маңызын түсінеді. Әр адамға қажет сенімділік пен эмоционалдық тұрақтылықты арттыруға бағытталған тәжірибелік әдістерді меңгереді.

Сонымен қатар  «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы қызметкерлері мен көмек алушылардың арасында оқырмандар клубының отырысын өткізді. Олар өзара оқыған кітаптары, кітапхана қорынан алған әсері және өздеріне ұнатқан  кейіпкерлері жайында пікір алмасты.

Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ә.Бөлекованың айтуынша, бұл бастама қызметкерлер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ кітапхананы заманауи білім және рухани даму орталығына айналдыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью