Отбасы институтын нығайту: Ата ана академиясының алғашқы нәтижесі қандай

07.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

 Биыл жоба аясында ел бойынша 40 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған. Қатысушылар қатарында ата-аналармен бірге педагогтер мен әлеуметтік қызмет мамандары бар.

Жоба алғашқы оң нәтижелерін де көрсетті. 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қарағанды және Ақмола облыстарында 30-дан астам білім беру іс-шарасы ұйымдастырылып, оған 1000-нан астам адам қатысты.

— «Ата-ана академиясы» дәріс, тренинг, семинар, шеберлік сабақтары сияқты оқыту түрлерін заманауи тәсілдермен ұштастырады. Сонымен қатар ataana.kz жаңартылған онлайн-платформасы арқылы ата-аналар заңгер, дәрігер, психолог және қауіпсіздік саласының мамандарынан кеңес алып, қажетті оқу материалдарына қол жеткізе алады, — делінген хабарламада.

Жоба аясында отбасылық өмірге психологиялық тұрғыда дайындық, қаржылық сауаттылық, балалардың қауіпсіздігі, сондай-ақ отбасыдағы жауапкершілік пен өзара түсіністікті қалыптастыру мәселелеріне басымдық беріледі.

Сонымен қатар ата-аналар мен педагогтерге арналған әдістемелік материалдар әзірленіп, жетекші сарапшылардың қатысуымен подкасттар дайындалуда. Бұл бастамалар саналы ата-ана болуды кеңінен насихаттауды мақсат етеді.

«Ата-ана академиясы» жобасы Қазақстанда берік отбасылық құндылықтарды нығайтуға өз үлесін қоспақ. Жыл соңына дейін 40 мыңнан астам адамды қамту көзделіп отыр.

— Елімізде отбасы саясатын жүзеге асыру аясында отбасы институтын қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстар да қатар жүргізілуде. Осы бағытта Мәдениет және ақпарат министрлігі БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорымен бірлесе «Отбасыға қолайлы жұмыс орны» жобасын жүзеге асыруда. Жоба еңбек пен отбасы міндеттерін ұштастыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, — деп хабарлады ведомстводан.

2026 жылы мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілерге арналған оқыту бағдарламасы іске қосылып, отбасыға тиімді тәжірибелерді енгізу және ата-аналарды қолдайтын корпоративтік мәдениетті дамыту көзделген.

Сонымен қатар еліміз бойынша 152 Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Олар қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады. 2026 жылдың басынан бері орталықтарға 10 мыңға жуық өтініш түсіп, 5 мыңнан астам отбасы кеңес алды, тағы осынша отбасыға тұрақты түрде қолдау беріліп отыр.

Бұл орталықтар мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, отбасы құндылығын бекітуге, қоғамдағы қауіп-қатердің алдын алуға және қиын жағдайдағы отбасыларға қолдау көрсетуге қызмет етеді.

Бұған дейін елімізде бала тәрбиесіне салғырт қарайтын 6 мыңнан астам отбасы бар екені хабарланды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью