Отбасы институтын нығайту қажет

11.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Басқосудың негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда мейірімділік пен өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру.

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңестің төрайымы Баян Жан­досова, сондай-ақ Полиция департаменті Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық­қа қарсы күрес бөлімінің бастығы Жаңыл Спанова және жастар қауымы қатысты.

Іс-шара барысында отбасылық құн­дылықтар мен қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне арналған бейнероликтер көрсетіліп, колледж студенттері тәрбиелік мәні жоғары сахналық қойылымдар қойды. Сонымен қатар қатысушыларға әлеумет­тік бағыттағы музыкалық нөмірлер ұсы­нылып, атмосфераны ерекше мәнермен толықтырды.

Жиында сөз алған Ербол Байқонысов отбасындағы береке мен татулықтың қоғам тұрақтылығы үшін айрықша маңызын атап өтті:

«Отбасы – әрбір азаматтың ғана емес, бүкіл қоғамның тірегі. Зорлық-зомбылықтың алдын алу – бір күннің шаруасы емес, бәрімізге ортақ міндет. Біз берекелі, мейірімді орта қалыптастырсақ, ертеңіміз де жарқын болады. «AMANAT» партиясы әрдайым осы бағыттағы бастамаларды қолдауды жалғастыра береді», – деді ол.

Сондай-ақ іс-шара барысында отбасы мәселелерімен белсенді айналысып жүрген және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азамат арнайы алғысхаттармен марапатталды.

Елнар ЕЛТАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью