Отбасы құндылығы бұлжымас қағидат

20.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елордадағы Заңнама және құқықтық ақпарат институтында жиын өтіп, онда еліміздің жаңа Конституциясы сарапшылар арасында кеңінен талқыланды. Яғни еліміздің жетекші заңгерлері мен әлеуметтанушылары Ата заңның негізгі новеллаларын қарастырып, отбасы мен неке институтын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Коллажды жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

Іс-шараға аталған инсти­тут­тың басшылығы мен ғылы­ми қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан қоғамдық даму инс­титутының делегациясы қатысты. Кездесу пәнаралық диалог форматында өтті. Заңгерлер мен қоғам қайраткерлері ана, әке мен баланы қорғауға, сондай-ақ некенің конституциялық мәр­тебесіне қатысты ұсынылған бап­тардың тұжырымдамаларын егжей-тегжей талдады.

Пікірталасты аша отырып, Заңнама және құқықтық ақпа­рат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова конституциялық реформалар­ды ғылыми пысықтаудың стра­тегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституцияның жобасы – жай ғана жаңартылған нормалар жиынтығы емес, бұл мемлекеттілігіміз эво­лю­циясының жаңа кезеңінің кө­рінісі. Бүгін заңгерлер мен әлеуметтанушылардың күш-жігерін біріктіре отырып,  конституциялық новеллалар­дың заңдық тұрғыдан мінсіз және өміршең болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біз отбасылық құндылықтарды қор­ғайтын нормаларға ерекше назар аударамыз. Өйткені отбасы – қоғамның табиғи және іргелі ұясы. Біздің міндетіміз – мұндай институттарға заманауи сын-қатерлер мен халқымыз­дың дәстүрлеріне жауап беретін сенімді конституциялық кепілдік беру», деді институт директоры.

Өз кезегінде ҚҚДИ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова реформалардың әлеуметтік өл­ше­мінің маңыздылығына тоқ­талды.

«Конституция азаматтардың үмітімен үндесуге тиіс. Заңнама институтымен бірлескен жұ­мыс құқықтық тұжырымдарды қоғамның нақты сұраныстары­мен үйлестіруге, жеке тұлға­ның құқығын қорғау мен ұлт­тың мәдени кодын сақтау арасын­дағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Ж.Ысқақова.

Сондай-ақ Қазақстан қоғам­дық даму институты Отбасы және гендерлік сая­сат сала­сындағы зерттеулер орта­лы­­ғының басшысы Ақнұр Иманқұл да ойын ортаға салып, отбасы және гендерлік саясат төңірегіндегі зерттеулер туралы айтты.

«Конституциядағы 30-бап­тың 2-тармағына қатысты көп­­те­ген пікір туындап жатыр. Деген­мен де біздің елде отба­­сын институционалдық тұр­ғы­дан түсіну басым. Яғни инсти­туционалдық түсіну дегеніміз – ата-анасы, балаларынан тұра­тын классикалық түсініктегі отбасы. Біз 2023 жылы 3 мың адамды қам­тыған зерттеу жүргіз­дік. Онда ата-аналарға балаларына қатысты сұрақтар қой­дық. Яғни «Сіздер болашақта балаларыңыздың білім алғанын, өзін дамытқанын, отбасын құр­ғанын қалайсыз ба?» деген сұрақтарға жауап іздедік. Сонда респонденттердің басым бөлігі бірінші кезекте балаларының отбасы құрғанын қалайтынын айтты», дейді А.Иманқұл.

Сонымен қатар оның айтуын­ша, ата-аналар балаларының дәстүрлі емес құндылықтардан да аулақ жүргенін қалайды екен.

«Балаларыңыздың басқа ориентациядағы адамдармен бірге тұрғанын қалайсыз ба?» деген де сұрақ көтерілді. Бұл мәселе қоғамымызда отбасы инс­титутын дәстүрлі тұрғыда тү­сіну әлі де басым екенін көрсетеді. Яғни дәстүрлі емес қатынастарға қатысты қоғам­дық айыптау көзқарасы сақталып отыр. Мұндай құбылыс – кез келген қоғамның дәстүрлі отбасы­лық модельден заманауи қоғам­дық қатынастарға өту кезеңінде байқалатын заңды тенденция. Бұл үдеріс бірден емес, ұзақ уақыт аралығында қалыпта­сады. Сондықтан дәл қазіргі кезеңде Конституциямызда құн­ды бағдарларды айқын­дайтын, ертеңгі күні еліміз, отбасымыз қандай болатынын бағдарлайтын ұстанымдарды бекіту маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, Ата заңға аталған екінші тармақты енгізу ең оңтайлы шешім деп есептеймін», дейді А.Иманқұл.

Жиын барысында Заңнама және құқықтық ақпарат инс­ти­тутының жетекші ғылыми қыз­меткері, заң ғылымдарының кан­ди­даты Гүлмира Нубаева, осы инс­титуттың аға ғылыми қызмет­кері, PhD Таңат Нұрға­­зиев, институттың ғылыми қыз­мет­кері Арман Батраханов, өзге де қызметкерлер сөз сөйлеп, шаңы­­рақтың шырқына, Отанның аман­дығына қатысты ғылымға негізделген ойларын бөлісті. 

Соңғы жаңалықтар

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48

Төрт жасында 6-сыныптың есебін шығарады

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам

Қоғам • Бүгін, 08:43

Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе

Тарих • Бүгін, 08:40

Сенімді күшейтуге көмектеседі

Қоғам • Бүгін, 08:38

«Балапанды» кімдер басқарды?

Басылым • Бүгін, 08:35

Бұқтырылған киік еті саудаға шықты

Өндіріс • Бүгін, 08:32

Өскелең ұрпақтың ұстаханасы

Таным • Бүгін, 08:30

Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы

Еңбек • Бүгін, 08:28

Бексұлтан Нұржеке, Қазақстанның Халық жазушысы: Келешекке деген үміт шырағы ешқашан да сөнбеуге тиіс

Сұхбат • Бүгін, 08:25

Ақтауда урологиялық операция жасалады

Медицина • Бүгін, 08:23

Отаншылдық ұғымын қалай түсінесің?

Жастар • Бүгін, 08:20

Қауіпті дертті сәулемен емдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Жастар жұмысы қайта жанданды

Жастар • Бүгін, 08:15

Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті

Реформа • Бүгін, 08:12

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью