Отбасылар бақ сынады

21.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанадағы Qazaqstan жеңіл ат­летикалық спорт кешенінде Нау­рызнама онкүндігі аясында Ұлт­тық спорт күніне арналған от­ба­­сылық «Ұлы Дала ойындары» фес­­тивалі ұйымдастырылды. Атал­­ған эстафета үш кезеңнен тұ­ра­ды. Әр командада әке, ана және 8-10 жас аралығындағы баласы бар отбасылар қатысты. Коман­да­лар­­ды тіркеу онлайн жүзеге асы­рыл­­ды. Бұл сайыста қазақтың ұлт­­­тық ойындары ойнатылды. Жал­­пы, «садақ ату», «қошқар кө­теру», «ләңгі тебу», «шалқұймақ», «бе­сасық», «арқан тарту» сияқты тағы да басқа ойындар бойынша сайыстар болды.

Эстафета құрылымы да ерек­ше.  «I кезең» ұлттық спорт түрлері бойынша отбасылық эстафетасы болды. Әр команда мүшелері жеке эс­тафеталардан өтті. Әкелер эс­тафетасы бойынша «садақ ату», «қош­қар көтеру», «нарқұдық – таң­далған салмақты көтеру», «ләң­гі тебу», «сыйлық сандығы» – кілтті тауып, қаппен бірге мәреге жету.

Аналар эстафетасы да өзіндік ай­рықшалығы бар. Дәлірек, «шал­құймақ эстафетасы – басындағы тос­тағанмен қашықтықты өту», «ла­биринт – темір шарикті ла­би­ринт арқылы өткізу», «хан арқан – сақиналарды тіректерге дәл лақ­тыру», «бес асық – дәстүрлі асық ойы­ны», «үлкен қасық асық – асық­­­­­­тарды үлкен қасықпен жи­нау» болып бірнеше бөлікке бө­лін­ді.

Ал балалар эстафетасы жасөс­пірім­дердің ыңғайына, бейіміне қарай сәл оңтайланған. Нақтырақ айт­қанда, «асық ату – шеңберден асық­тарды ату», «арқан Board – ар­қан үстінде скейтбордпен жү­ру», «көкпар Kids – балаларға ар­­­­налған көкпар ойыны», «асық табу – нөмір бойынша асықтарды жинау», «jump with қап – қаппен се­кіру жарысы».

Сондай-ақ «II кезең» – инте­рак­­­­тивті жарыстар, AI техно­ло­гия­ларын қолданатын заманауи сы­нақтар ретінде жалғасты. Ал «III ке­зең» – финалға жетіп, арқан тар­­ту бойынша командалық сайыс­­­­­пен түйінделді.

Айта кетейік, Ұлттық спорт кү­­­­­ніне орайластырылған фес­ти­валь­ды Астана қаласы әкімдігінің қол­дауымен елордалық Дене шы­н­ық­тыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Фестивальдың ерек­шелігі – оны «Жасанды ин­тел­лект жылы» аясында ұйым­дас­тыру, бұл шараға жаңа техно­ло­гия­лық элементтерді енгізуге мүм­­кіндік берді. Қатысу тегін, ал бар­лық жеңімпаз бен жүлдегерлер ба­ғалы сыйлықтарға ие болды.

Жарыстың мән-маңызы, оның «Наурызнама» және «Жа­сан­ды интеллект жылына» бай­ла­нысы жайында  Астана қалалық спорттық іс-шараларды өткізу ди­рек­циясының басшысы Азамат Белгібаев ой бөлісті.

– Бұл отбасылық эстафетаны біз екінші жыл қатарынан өткізіп ке­леміз. Биылғы фестивальдың ерек­шелігі – оның Жасанды ин­тел­лект жылы аясында өтуінде. Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты біз Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізіп отырмыз. Фестивальға қатысушыларды жа­санды интеллект элементтері ен­гі­зілген үш кезеңнен тұратын жарыс күтіп тұр. Әр команда үш адам­нан – әке, ана және баладан құралды. Жалпы, қатысушылар са­ны шектеулі, барлығы 12 ко­ман­да. Қатысушылар мен жеңім­паз­дар­ға бағалы сыйлықтар беріледі. Шараны тамашалайтын көрер­мен­дерге кіру тегін. Қала тұр­ғын­дары мен қонақтарын іс-шараға бел­сенді қатысуға шақырамыз», – деді дирекция басшысы.  

Сонымен қатар жарыс қаты­су­­шылары да өздерінің көңіл күйі­мен, жарыстағы айшықты сәті- мен бөлісіп, пікір білдірген бо­­­­­ла­тын. Мұндай отбасылық са­йыс­қа алғаш рет қатысып отыр­ғандар да бар екен. Соның бірі – Саябек есім­ді отағасы. Ол жарыс­тың тар­тысты өткендігін мәлім­деді.

– Біз мұндай отбасылық жа­рыс­қа алғаш рет қатысып отыр­мыз. Өте тартысты өтті. Жоғары дең­гейде ұйымдастырылған. Қар­сы­ластарымыз да оңай берілетін жандар емес екен. Өзіммен бірге 8 жасар Саялы есімді қызым екеу­міз бар күш-жігерімізді салдық. Мұн­дай жарыстар алда тағы да бо­лады деп сенеміз. Наурыз мей­ра­мы­ құтты болсын! – деді жа­рыс­қа қатысушы.

Айта өтейік, бұл жарысты қа­зақтың ұлттық мерекесі – Наурыз мерекесі қарсаңында өткізу әдетке ай­налған. Биыл 2-ші рет қа­та­ры­нан ұйымдастырылды. 

Олжас МҰРАТБЕКҰЛЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью