Отбасылық жанжалдан жол апатына дейін: Атырауда жаңа жыл түні полицияға түскен шақырулар

01.01.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Атырау облысында жаңа жыл мерекесі тыныш өтті. 

Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Түн ішінде 249 хабарлама келіп түсіп, барлығына дер кезінде қызмет көрсетілді.

Көшелерде бұзақылық әрекеттер тіркелген жоқ. Дегенмен отбасы тыныштығын бұзған 24 адам анықталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді. Сонымен қатар 28 ұсақ жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 5 адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.

Құқық қорғау органдары мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгін, 16:41

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью